Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты ТЖ жариялана ма, жоқ па бүгін шешеді – ДДСҰ

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты ТЖ жариялана ма, жоқ па бүгін шешеді, деп мәлімдеді ДДСҰ басшысы доктор Тедрос Адханом Гебрейесус.
«Халықаралық маңызға ие қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жариялана ма, жоқ па, ол туралы шешім – мен оған барынша байыппен қараймын, және мен оны тек нақты мәліметтерді тиісті түрде қарау арқылы ғана қабылдауға дайынмын», - деді Гебрейесус журналистерге. Ол ДДСҰ тобының «Қытайда жергілікті мамандармен жұмыс жасап жатқанын» да айта кетті.
Оның айтуынша, бүгін ұйымда Қытайда жаңа коронавирустың өршуі жағдайына байланысты төтенше жағдай комитетінің шұғыл отырысы жалғасады.
ДДСҰ басшысы атап өткендей, комитеттің бірінші отырысы «жақсы өткен».
«Жалғастыру үшін бізге барынша көп ақпарат керек», - деді Гебрейесус.

adimage