Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды

Күні: 16:03, 24-10-2018.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ – Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды, деп хабарлады Silkroadnews.
«Сәрсенбіде сағат 09.00 (Астана уақытымен 07.00 – ҚазТАГ) әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі   –   Сянган – Чжухай – Аомэнь бойныша қоғамдық көлік қозғалысы ашылды.  көпір Гуандун провинциясын ҚХР екі арнйаы әкімшілік аудандары  – Сянган және Аомэньмен байланыстырады. (…) ұзындығы 55 км болатын көпір көіпрлерді, аралдар мен тоннельдерді бір үлкен көпір ретінде қосып тұр.  Бұл теңіз акваториясы арқылы өтіп жатқан әлемдегі ең ұзын көпір», - делінген   Синьхуа агенттігіне сілтеме жасалған сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, сәрсенбіден бері Чжухай, Сянган  және Аомэнь кеденшілері 55 шақырымдық көпір арқылы көлік қозғалысын жылдамдату үшін тәулік бойғы режимде жұмыс жасауға кірісті.  
«Көпірді салу оны жобалау кезеңінен бастап құрылыс кезеңіне дейін 14 жылға созылды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: