Қытайда құс тұмауын жұқтырған адам тіркелді

Күні: 12:05, 01-10-2018.

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ - Қытайда құс тұмауын жұқтырған адам тіркелді, деп хабарлады «Известия».
«Қытайда адам өліміне алып келетін H5N6 құс тұмауын жұқтырудың бірінші жағдайы тіркелді.   Оқиға Гуандун оңтүстік провинциясында орын алған.  Құс тұмауын Гуанчжоу қ. 22 жасар жас жігіт жұқтырған», - делінген дүйсенбіде RTHK телеарнасына сілтеме жасалған хабарда.
Хабарда айтылғандай, ол 26 қыркүйекте ауруханаға жатқызылған және қазірге дейін жағдайы ауыр.  
«Ауру белгілері пайда болғанға дейін ол тірі үй құстарын ұстаған», - делінген хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, 2014 жылдан бастап бұл Қытайдағы 1-ші жағдай.  


Жаңалықтармен бөлісу: