Қытайдағы коронавирус жыланнан тарауы мүмкін – ғалымдар

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Ғалымдардың пікірінше, Қытайдағы коронавирус жыланнан тарауы мүмкін, деп хабарлады South China Morning Post.
«Қытайлық ғалымдар тобының зерттеуіне сәйкес, адамның Қытайда коронавирусты жұқтыруының басты көзі жылан болуы мүмкін», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Зерттеушілер вирустың генетикалық кодын түрлі жануарлардікімен салыстырды. Нәтижесінде екі түрлі улы жыланның генетикалық коды вирустың кодына жақын болып шықты, олар оңтүстік қытайлық көп жолақты крайт пен қытайлық кобра.
Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі тіркелді. Қазір ауруды 600-ден астам адамның жұқтырғаны белгілі, оның 17-сі көз жұмған. Көптеген елдер соның ішінде Қазақстан да пневмонияның өршуіне байланысты шекарадағы бақылау-өткізу пункттері мен әуежайларда бақылауды күшейтті.

adimage