Қытайдағы өзенде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Қытайдағы өзенде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қытай Халық Республикасындағы Нанвань ГБ сулылықтың жоғарылуына байланысты Қара Ертіс өзені – Боран ГБ су деңгейлерінің көтерілуі жалғасып, қауіпті белгіге жақындауда: 8:00 сағ. нақты деңгейі: 489 см (қауіпті деңгейдің 93%), қауіпті белгісі: 525 см. Сулылықтың ауытқуларының жалғасуы күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

adimage