Қытайда жаңа коронавируспен ауырғандар саны 570 адамнан асты

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ - Қытайда жаңа коронавируспен ауырғандар саны 570 адамнан асты, деп хабарлады қытайлық CCTV телеарнасы.
«22 қаңтар сағат 24.00-дегі жағдай бойынша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22 қаңтар сағат 22.00 - ҚазТАГ) (...)  (…) Қытайдың 25 провинциясында (автономды аудандар, муниципалитеттер) жаңа коронавирустық инфекцияның салдарынан пневмонияның 571 расталған жағдайы тіркелді, соның ішінде 95-нің жағдайы ауыр болса, 17-сі көз жұмған (барлығы Хубэй провинциясынан)», - делінген ҚХР денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің ақпарына сілтеме жасалған хабарда.
Бұған дейін белгілі болғаны, осы аптаның сәрсенбісінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) шұғыл жиын өткізеді, онда халықаралық маңызға ие қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде #nCoV2019 коронавирусының өршуін жариялау қажет пе деген мәселе шешілетін болады.
Төтенше жағдайлар бойынша ДДСҰ комитетін шақырту туралы шешім Қытай билігі «жұмбақ» коронавирустың адамнан адамға жұғып жатқанын жариялағаннан кейін қабылданды.
ДДСҰ өз сайтында осы вирусты жұқтырған адамдарды қалай анықтауға және емдеуге болатыны туралы нұсқаулық орналастырды: қолды жиі жуу, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу, жұмыртқа мен етті мұқият дайындау, сонымен қатар респираторлық ауру белгілері анықталғандармен тығыз байланыста болудан сақтану.

adimage