Қытайдан ҚР-ға екі ер адам боршатышқан, тритон, құстар мен тасбақаларды алып өтпек болған

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қытайдан ҚР-ға екі ер адам боршатышқан, тритон, құстар мен тасбақаларды алып өтпек болған, деп хабарлады Қазақстанның шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Аталған отрядтың «Нұр-жолы» жолаушылар тексеру бөлімшесінде 54 және 55 жастағы екі қазақстандық ұсталды. Олар өздерімен бірге жолаушылар автобусымен ҚХР-дан 20 боршатышқан (бурундук), 16 ементұмсық (дубонос) текті құс, 24 бұлбұл, 40 тасбақа, 50 тритон және 10 теңіз шаянын елімізге алып кірмек болыпты», - делінген сәрсенбідегі хабарда
Ақпарға сәйкес, заңсыз тауарлар мен жануарлар актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.  
Сонымен қатар, хабарда атап өтілгендей, Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында кеше Орталықтан Қазақстанға қарай қайтып келе жатқан 29 жастағы Қазақстан азаматшасы ұсталды.
«Ол өзімен бірге 120 дана, жалпы құны 540 000 теңге тұратын «LRS 100-24» маркалы импульстық қуат көзін алып кірмекші болған», - делінген баспасөз парақшасында.

adimage