Қытайлық азаматтар Қазақстандағы шетелдік жұмыс тобының басым бөлігін құрап отыр

Астана. 24 ақпан. ҚазТАГ – Қытайлық азаматтар Қазақстандағы шетелдік жұмыс тобының басым бөлігін құрап отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Еңбекші мигранттардың негізгі шығу елдері: Қытай – 5 266 адам (28%), Түркия – 1 935 (10%), Үндістан – 1 896 (10%), Ұлыбритания – 1 434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) болып табылады», - делінген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарында.
Ведомствода еске салғандай, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту квотасын белгілейді. 2020 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты 0,32% немесе 29,3 мың бірлік мөлшерінде бекітілді

adimage