Шымкент. 23 қазан. ҚазТАГ – Қытайлық инвесторлар Оңтүстік Қазақстанға инвестиция салмақшы, деп мәлім етті ОҚО әкім орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
«Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстанға инвестция салмақшы. Қытайлық делегация келген Бауджи қаласында қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт тұр. Сол зауытпен ынтымақтасу біздің өңірімізге тиімді болған болар еді», - деді С. Тұяқбайев бейсенбі күні.
Әкім орынбасарының айтуынша, қытайлық кәсіпкерлермен осындай ынтымақтастық тамақ өнеркәсібіне қажет жабдықтар жасауға мүмкіндік береді.
Хабарда айтылғандай, ресми сапармен келген қытайлық делегация облыстағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Олар қандай салаға инвестиция салу керектігін анықтауы тиіс.
С. Тұяқбайдың мәліметтерінше, облыста қазір басым бағыт ретінде машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, тоқыма өнеркәсібі, фармацевтика бағыты, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен туризм есептеледі.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның СІМ Қытаймен визасыз режим екі-үш айда күшіне енеді деп күтуде29 Мамыр 2023, 19:31
-
Туған қыздарын зорлады деген күдікпен ер адам Алматы облысында қамауға алынды29 Мамыр 2023, 19:20