Қытайлық Nuctech ҚР 11 шекаралық өткізу пунктін жаңартуға келісімшарт алды

Күні: 12:11, 18-10-2019.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Қытайлық Nuctech Company Limited ҚР 11 шекаралық өткізу пунктін жаңартуға келісімшарт алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Әңгіме Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) кедендік шекарасындағы «Алакөл», «Қалжат», «Майқапшағай», «Бахты», «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт», «Темір баба», «Тәжен», «Жібек Жолы», «Достық» өткізу пункттерін жаңарту және техникалық жабдықтау жөнінде болып отыр.
Nuctech келісімшарт аясында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуі, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуі, құрал-жабдықтар жеткізуі, инсталляциялық жұмыстар жүргізуі мен құралдарды тестілік сынақтан өткізуі, кепілді кезең аясында құралдарды пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы, сондай-ақ оқытуы керек.
Сонымен қатар, Nuctech Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің (МКК) хал-ахуал орталығын жаңарту және техникалық жабдықтау құқығына да ие болды. Бұл жерде де мәселе жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуі, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуі, құрал-жабдықтар жеткізуі, инсталляциялық жұмыстар жүргізуі мен құралдарды тестілік сынақтан өткізуі, кепілді кезең аясында құралдарды пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы, сондай-ақ оқытуы жайында.
Nuctech Company Limited 1997 жылы Қытай Коммунистік партиясының бұрынғы бас хатшысы Ху Цзиньтаоның ұлы Ху Хайфеннің басшылығымен құрылған. Жүктерді тексеру жүйесін, қол детекторлары, кедендік қызметке арналған рентгендік сканерді қоса алғанда қауіпсіздік саласына қажет құралдарды жеткізуге маманданған.


Жаңалықтармен бөлісу: