Қытайлық қор «Белдеу мен жол» бойындағы елдердегі төменгі класс оқушыларына гумкөмек береді

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қытайлық қор «Белдеу мен жол» бойындағы елдердегі төменгі класс оқушыларына гумкөмек береді, деп хабарлады «Синьхуа».
«Қытайлық кедейлікпен күрес қоры 2019 жылы «Белдеу мен жол» бойындағы елдердің бастауыш мектеп оқушыларына 200 мың пакет гуманитарлық көмек беруді жоспарлап отыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қытайда аталмыш қордың «Қамқорлық сәлемдемесі» жобасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және «кедей аудандардағы бастауыш мектептерге оқу құралдарын, жиһаз бен керекті заттар» жолдайды.
«Былтыр жоба Қытайдан тыс елдерде жүзеге асырылып, шетел оқушыларына көмектесуді бастады», - деп мәлімдеді қор бас хатшысының орынбасары Янь Чжитао.
Қорда нақтылағандай, соңғы 10 жылда жоба 700 млн юань (шамамен $101 млн) жинап, Қытайдағы 6 млн астам оқушыға көмектесті.

adimage