Қытайлық Шаньси провинциясы мен Алматы келешекте бірлескен алма өндірісін қалпына келітіре алады

Күні: 15:50, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Дәуітәлиев Данияр. Қытайлық Шаньси провинциясы мен Алматы келешекте бірлескен алма өндірісін қалпына келітіре алады, деп есептейді Алматыдағы ҚХР бас консулы Ду Дэвэнь.
«Себебі Алматы – алманың отаны, ал Шаньси провинциясы алма өндірісі және экспорты жағынан Қытайда бірінші орын алады», - деді Д. Дэвэнь сәрсенбі күні Шаньси провинциясының тауарларына арналған арнайы көрседе.
«Қазақстанда өнеркәсіп дамуы мен ауыл шаруашылығы өркендеуіне байланысты қазақстандық тауарлар да Қытайда көптеп сатылады деп үміт етемін», - деді бас консул.
Оның айтуынша, Қытайда дәстүрлі түрде қазақстандық тек ресурстар ғана сұранысқа ие. «Қытайлықы кәсіпкерлер Қазақстанмен және жалпы алғанда Орталық Азиямен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі», - деді Д.Дэвэнь.


Жаңалықтармен бөлісу: