Қытайлық журналистер 15 күнде Қазақстан туралы бес сериялы фильм түсіріп үлгерді

Күні: 12:15, 23-10-2014.

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Қытайдың орталық телевидениясының түсіру тобы 15 күнде Қазақстан туралы бес сериялы деректі фильм түсіріп үлгерді, деп хабарлады туризм индустриясы ұлттық қауымдастығының президенті Гауһар Жеңісбек.
«Қытайлық CCTV6 телеарнасының түсіру тобы 15 күнде Қазақстан туралы бес сериялы деректі фильм түсіріп үлгерді. Фильм «Жібек жолы» маршрутымен өтті», - деді бейсенбі күнгі баспасөз  мәслихатында Гауһар Жеңісбек.
Бұл ретте жобаны үйлестіруші Жұлдыз Сейсенбекова фильм Қазақстанның тарихи орындары мен «Көшпенділер» және «Жаужүрек мың бала» фильмін түсірген алаңдарда өткенін айтты.
«Қытайлық журналистерді «Жібек жолы» өткен Қазақстанның тарихи орындары қызықтырды
Олар «Жібек жолының» бір бөлігімен жүріп өтті. Оларды ең таң қалдырғаны - Іле өзенінің бойындағы Будда жазулары болды», - деді Ж. Сейсенбекова.
Фильм 5 сериялы, әр сериясы 20 минуттан және Қытай көрермендеріне 2015 жылы көрсетіле бастайды.


Жаңалықтармен бөлісу: