Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) балалар «тәрбиесі» үшін қазақстандық ата-аналарға белбеу және скотч сатып алуды «ұсынды», деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«Ештемеден күмәні жоқ, алаңсыз жүрген қазақстандықтарды акцияға қатысып, «тәрбие құралын» сатып алуды ұсынды. Акция промоутері рөлін ойнаған, театр актрисасы және екі баланың анасы Анастасия Тарасова көшеде кетіп бара жатып қызығушылық танытқан азаматтарға белбеу, аяқ киім және басқа да «тәрбие құралдарын» сатып алуды ұсынды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, актриса жас ата-аналарға әр «құралдың» «басымдығын» егжей-тегжейлі түсіндірген.
«Мына белбеу таза былғарыдан, өте берік. Егер онымен баланы тұрақты түрде ұратын болсаңыз, ол жақын арада тілалғыш болады», - деді Тарасова.
Балалары кішкентай ата-аналарға актриса аяқ киім «сатып алуды» ұсынған, ал жылауықтар мен көп сөйлейтіндер үшін скотчты ұсынған.
«Арандатушылық эксперименттің мақсаты – балаларға зорлық-зомбылық көрсету және қатыгездік таныту проблемасына назар аударту. 2016 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанда ересектердің басым бөлігі балаларды жазалау ретінде қатігездік танытуды қолдаған», - деп нақтылады ЮНИСЕФ.
Алайда, қорда белгілі болғандай, әлеуметтік эксперимент көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты алаңдаушылық білдіретінін және жақсы жағынан тәрбиелеуді қолдайтынын көрсетіп отыр.
«Мен мұның барлығын өртеп жіберуді ұсынамын», - деді экспериментке қатысушылардың бірі.
Актриса Тарасова ұрып-соғу денені жарақаттап қана қоймайды, ол психологиялық тұрғыдан да зақым келтіретінін атап өтті.
«Белбеу мен ұрып-соғу бала денесінде көрінетін дақ қалдырып қана қоймайды, ол оның жанын да жаралайды. 10 жағдайдың 10-ында да сіз ересек өмірде де көптеген ауруға шалдыққан, қорқақ баланы көретініңізге сенімді болыңыз», - деп түйіндеді сөзін балаларға қатысты қатыгездік салдарының көп жылғы медициналық зерттеуіне сілтеме жасаған Тарасова.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26