ЮНИСЕФ Орталық Азияның сейсмоқауіпті аймақтарында тұратын балаларға көмектескісі келеді

Күні: 15:36, 30-01-2019.

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылы ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қоры табиғи апаттарға бейім, сейсмоқауіпті аймақтар мен аудандарда тұратын, екпені қажет ететін балаларға көмек көрсетеді.
«ЮНИСЕФ жер сілкінісі қаупі жоғары аудандарда тұратын балаларға көмекке келеді. Болжам бойынша тек Орталық Азияның бес қаласында – Алматы, Ашхабад, Бішкек, Душенбі мен Ташкент- қуаты тоғыз балдық жер сілкінісі болған жағдайда зардап шегушілердің саны 175-тен 500 мыңға дейін жетуі мүмкін», - деп хабарлады «БҰҰ жаңалықтары» порталынан.
ЮНИСЕФ-тің айтуынша, балалар қорының назарын талап ететін проблеманың тағы бірі – қызылшаның таралуы. Тек былтырғы алты айда ғана қызылша жұқтырған ересектер мен балалардың саны Еуропада 41 мың адамды құраған. «ЮНИСЕФ қызылшаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы екпелерді салу кампаниясын кеңейтуге ниетті», - делінген хабарда.
Балалар қорының аймақтық өкілдігінде балаларды қорғау бағдарламасына 2019 жылы 2,713 миллион доллар сұрап отыр. Былтыр қажеттілік 3,1 миллион долларды құраған болатын, алайда 2018 жылдың 31 қазанында 250 мың ғана берілді – бұл қажет соманың 8%. Нәтижесінде ЮНИСЕФ көптеген жоспарлаған бағдарламаны жүзеге асыра алмады.


Жаңалықтармен бөлісу: