Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – Ирина Гумыркина. Өткен аптада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында сенаторлар Қазақстанда арнайы балаларға арналып шығарылатын өнім жоқтығына налынды. «Біз әлі күнге өз немерелерімізге қолтырауын Гена туралы кітап беріп отырмыз». Ал қазақстандық жазушы, «Русская премия» сыйлығының екі рет лауреаты атанған Юрий Серебрянскийдің жаңа кітабы шығып отыр. Балаларға арналған «Казахстанские сказки» («Қазақстандық ертектер») кітабының таныстырылымы 13 сәуірде «Меломанда» өтеді.
- Юрий, айтыңызшы, неліктен ертектер «қазақстандық», олардың қазақ фольклорына қатысы бар ма?
- Мәтін мен суреттері қазақ фольклорын падаланбайды. Ол мүмкін емес – қазақ фольклорымен бәсекелесу, мен оны тереңдігі мен даналығы үшін сүйемін, және оған балама жасауға деген ешқандай тырысушылық жоқ. Бұл ертектер менің авторлық еңбегім. Неліктен «қазақстандық» деп аталады? Мен үш атадан бері қазақстандықпен осында туып- өстім. Бір сәтке ойлап қарасам, қандай ертегілер менікі: орыстардыкі - алыста, польяктардыкі – иә, әрине, бірақ олар онда, ал мен мұндамын, қазақтардікі де – менікі емес. Сөйіп өзімнің ертегілерімді жазу керек деп шештім. Мен сияқтыларға арналған. Бірақ мұны жаңа фольклор жасауға талпыныс деп бағалаған бірнеше филолог келді.
Кітап екі тілде жазылған, меніңше қазір заманауи қазақстандық авторлар үшін кітап шығарудың дұрыс жолы: қазақ не орыс тілін нашар білетіндер үшін сәйкесінше, орысша және қазақша оқи алу мүмкіндігі бар. Мен қазақша аудармасының сапасына сенімдімін, біз ол бағытта көп жұмыс атқардық. Жалпы алғанда біз осы кітаптың үстінен «Аруна» баспасымен бірге, сурет салушымен бір жыл жұмыс жасадық, идеядан бастап оны іс жүзіне асыруға бір жылдай уақыт кетті.
Сондықтан мен ол кітапты қазір көңілімде көріп тұрмын және оның идеясы мен тұжырымдамасына сенімдімін. Және де ол мен үшін кәсіби ұжыммен жасалған концептуалдық музыкалық альбом іспеттес: мәтін авторы бар, өңдеуші бар – суретші, баспа атындағы продюссер бар. Алғашқы ертегі 2006 жылы жазылды, қалғандары сәл кейін,бірақ бұл кітап 10 жыл бойына жазылды, сондықтан мен оған өте байыппен қараймын.
- Кітап қандай жастағы балаларға арналған?
- Біз ол кітап ересек балалар үшін жазылған деп есептейміз. Және де алғашқы оқырмандар әр ертектен соң баламен он минуттай әңгімелесу керек деген пікірге келді. Мен бір қабатты мәтіндер жазбаймын, және алты жасар балалар үшін олар түсінікті де, яғни ол алтыдан жоғары жастағы балаларға да, ересектерге арналған.
- Неліктен краудфаундинг болды? Қалайша шенеуніктердің біреуі де балаларға арналған сұранысы бар кітапқа қызықпады?
- Мен білмедім, сұраныс бар ма жоқ па, мен мемлекеттік құрылымдарға жүгінбедім. Мен кітапты жіберген алғашқы баспа, ол - балалар әдебиетінің баспасы «Аруна». Біз олармен бірден жұмыс жасап кеттік.
- Кітап басылып шыққанына қарағанда қазақстандықтар оған белсенділік танытқан тәрізді...
- Иә. Кітап басып шығатынына қарамастан біз қаражат жинауды шештік: тираж көп болуы үшін (кітап тиражы 3 мың дана) және кітапты жақсы қазіргідей әрлендіру үшін. Мен кітаптың көркемдік әрлендіруі мен сапасына ризамын. Менің өзім мәтінді ғана жазып, оның екі тілде болуын қолдадым. Қалғаның барлығы - баспаның жұмысы.
- Ал өткен аптада сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында «арнайы балаларға арналып шығарылатын өнім жоқтығына» налынды...
- Енді міне бар. Және менде ғана емес. Елена Клепикованың және Ксения Рогожникованың кітаптары шықты. Аделия Амраева қуантады, Виктория Прохоренко, Альфия Макаримова, тағы басқа да авторлар бар.
- Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сенаторлардың сауалдарына жауап бере келіп, Қазақстанда жазушы болу тиімсіз деп мәлім етті. Қаламақысы аз екен-мыс. Сіз онымен келісесіз бе?
- Иә, мен министр мырзамен толығымен келісемін. Және әзіл әңгімеге ұқсас мынадай оқиға еске түсіп отырғаны: бір ағасымақ сұрапты дейді, Нобель сыйлығының ақшалай баламасы қанша деп? Оған ол соманы айтқан екен, сонда ол: соған бола осыншама күш салудың керегі қанша?, депті. Мен кітап жазумен айналысам, және де бұл жердегі идея кітап жазу арқылы ақшаны опырып алуда емес. Иә, бұл ауыр жұмыс, бірақ қазір тек сол қаламақыға өмір сүру мүмкін болмас деп ойлаймын. Кітап шыққанынан мен қаламақы ала отырып, басқа да жұмыстармен айналысам. Мен мысалы, Esquire Kazakhstan журналының бас редакторымын.
- Менің білуімше, авторлар кездесетін негізгі проблема баспа кітап шығаруға дайын, бірақ оны таратумен өзіңе айналысуға тура келеді.
- Бұл тұрғыда менің жолым болды: менің жаңа кітабым шыққанда, менің оны тапсыратын жерім бар. Оған маған негізінен «Русская премиядан» кейінгі алған пиарым көп көмегін тигізді. Және мен баспаға барамын да салмақты түрде міне менің жаңа кітабым дайын деп айта аламын. Міне, авторларда да дәл осындай дұрыс кәсіби жол болуы керек.
- Ал егер ондай пиар болмаса? Немесе, мүмкін қазақстандық авторлардың кітаптарына ешкім қызықпайтын шығар? Ресейде, мәселен, дәл сол баспалар жас жазушылар арасында конкурстар өткізеді, және жеңімпаз сыйлық ретінде өз кітабын шығару мүмкіндігіне ие болады.
- Баяғыдан бері солай болатын, журналдағы жарияланымнан бастау керек, сосын әдеби сыйлықтарға беру керек, немесе басқа біреулер сені сол сыйлықтарға ұсынар. Және қызығушылық пен табыстың арқасында дәл сол пиар пайда болады, міне сол кезде баспаларға барып, кітабым бар деп айтуға болады.
- Біздің сенаторлардың ашуына оралсақ. Олар «отандық авторлардың қазақ тіліндегі әдебиеті жоқ» деп мәлімдеді, және мәдениет министріне неге біз осы бағытта жұмыс жүргізбейміз деп сұрақ қойды. Ал сіз қазақстандық әдебиеттің жағдайын жалпы қалай бағалайсыз?
- Құдай-ай, қандай ғаламдық сұрақ. Мен өзіме барлық қазақстандық әдебиет үшін жауапкершілік алмаймын, мен жай жақсы авторларды білемін деп айтамын. Проблема бар, және ол министрліктен шықпауы керек, «дамыту бағдарламасы аясында әдебиет кластерін дамыту» үшін мемлекет күшімен қандай да бір семинар өткізіп, авторларды тәрбиелеу дұрыс емес. Тек жай қазірдің өзінде жазып жүрген авторларды табу керек, әлбетте қазақ тілінде жұмыс жасайтын авторлар бар. Мәселен, Ардақ Нұрғазыұлы, қызығушылық танытатын ақын, жақында қазақ тілінде шыққан «Қазақстан-Ресей» альманағында қазақ авторларының жарияланымдары да болған. Жұмыс жасайтын үлкен ұрпақ бар. Сондықтан тек мұқият қарау керек. Және егер, қандай да бір көмектесу идеясы туса, онда тәуелсіз көмек керек, нақты, кітап шығаруға, мысалы. Ал орыс тілді авторларға келсек, біз білеміз, олар жарияланып жатады, олар ең беделді сыйлықтар тізіміне түседі.
-Десек те, олар шетелде жарияланып, ресейлік премия тізіміне ілініп жатады. Бізде әзірге екі әдеби сыйлық бар «Алтын қалам» және «Алтын Тобылғы» және «Простор» деген бір отандық әдеби-көркем журнал бар. Мүмкін бізге сол Ресейдің деңгейіне қарай өсу керек шығар? Біздің авторларды да біліп, оқу үшін.
- Мен қазіргі кезеңде ол туралы айту ерте деп ойлаймын және қазір қандай да бір «Ұлттық бестселлер» сыйлығын жасаудың қажеті жоқ. Себебі мынадай проблема туады: қазір жазып жүргендердің жартысы қазылар алқасына өтеді де, қалған жартысы сол сыйлықты алады. Бізде қазір авторлар ондай көп емес. Мұның барлығы табиғи жолмен жүріп жатыр. Оның үстіне бізді сырттан мойындап жатыр. Мұны Димаш Құдайбергеновтың және басқаларының да үлгісінде көруге болады, мысалы Ғалымжан Молданазаравтан Олжас Сүлейменовке дейін. Біз авторды сырттан біреудің мойындағанын жақсы көреміз, сосын айтамыз: міне қандай тұлға! Біз өзіміздің адамымызды өз жерімізде тек оның бары үшін де мойындай алмаймыз. Бізге біреулердің үнемі біздің жақсы екенімізді, біздікі дұрыс екенін айтып жүру керек. Бала сияқтымыз, шын айтайын!
- Сұхбатыңызға рақмет.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42