Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ – Қызметінен шеттетілген ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетінің басшысы Исламбек Әбішев Т60 млн көлемінде пара алған деп күдіктелуде, деп хабарлады «Время».
«Егер көлемді пара болмағанда, Ислам Әлмаханұлы бірнеше айдан кейін тыныш қана зейнетке шығатын еді. Іс материалында көрсетілгендей, Т60 млн көлеміндегі параны Соколов топтық су құбырын қайта құру және екінші кезекте қосылатын ауылдық елді мекендерге таратушы торап құрылысы бойынша ойнатылатын конкурстан алған», - делінген жұмадағы хабарда.
Атап өтілгендей, аталмыш жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында жоспарланған, ал лоттың жалпы құны «кем дегенде Т6 млрд» құраған.
«Т60 млн соманың – конкурс көлемінің бар болғаны 1%-ы екенін есептеу қиын емес. Бұл ретте Ислам Әбішев ақшаны тікелей алмаған.жыл басында Т1,5 млрд сома «Бүкіләлемдік қазақ күресі федерациясының» президенті Серік Тукеевтің қолына берілген. Айта кетейік, Әбішев осы қоғамдық ұйымды басқарады. Ақпанда Тукеев тағы Т8,5 млн алған, федерация арқылы берілген жалпы сома Т10 млн құраған», - делінген хабарда.
14 наурызда, басылым ақпарынша, Т50 млн көлеміндегі қалған ақша Ислам Әбішевтің ағасы Қаныбекке, Түркістан облысының бизнесменіне берілген-мыс.
«Ол ақшаны алғаннан кейін су шаруашылығы комитетінің басшысы Ислам Әбішев ұсталды. Тағы белгілі болғаны, Ислам Әбішев «Байтерек Development» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы, Қуандық Бішімбаевтың ісі бойынша төрт жылға бас бостандығынан айырылған Бақыт Жақсыбаевтың атасы», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін ҚазТАГ ХАА Әбішевтің қызметінен шеттетілгенін хабарлаған еді. Бұл ретте ауыл шаруашылық министрлігінің ақпарат ұсынған сәтте Әбішевтің ұсталғандығы туралы ресми мәліметі болған жоқ.
Әбішев ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетін 2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың шілдесіне дейін басқарды, сосын біраз уақыт «Корпорация Батсу» (2013 жылдың тамызынан 2014 жылдың сәуіріне дейін) қауымдастығын басқарды. 2014 жылдың сәуірінде Әбішев қайтадан су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Қызметінен шеттетілген Исламбек Әбішев Т60 млн көлемінде «пара алған» деп күдіктелуде
