Қызылорда-Құмкөл тас жолында аударылған автобуста қаза тапқандар саны өсті

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Қызылорда-Құмкөл тас жолында аударылған автобуста қаза тапқандар саны өсті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«Тағы екі адамның (денесі-ҚазТАГ) табылды. 14 зардап шегуші шығарылды. Құтқарушылар апаттық-құтқару жұмыстарын жалғастыруда», - деп хабарлады сейсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Бұған дейін хабарланғандай, 3 желтоқсанда сағат 05.25-те Қызылорда-Құмкөл тас жолында көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлін басқара алмай қалып, автобус аударылды. Алдын-ала болжам бойынша салонда 50 шақты жолаушы болған. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағытында кетіп бара жатқан. Оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған. Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылған. Қауырт желі телефоны ашылды +7 (7242) 24-41-61, 70-03-28.
Кешірек белгілі болғандай, оқиға орнында төрт адамның денесі табылып, 15 зардап шегуші шығарылған еді.

adimage