Қызылорда облысы аумағында Сырдарияда судың көтерілуінен алдағы үш күнге дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:02, 25-12-2018.

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Қызылорда облысы аумағында Сырдарияда судың көтерілуінен алдағы үш күнге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26-28 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында Сырдария өзенінінде мұз құбылыстарының құбылмалығына байланысты өзен арналары ысылу себебінен су деңгейлерінің көтеріліп арналарына шығуы мүмкін», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
26 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: