Қызылорда. 14 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысы «Балапан» бағдарламасын 2015 жыл соңына қарай тәмамдамақшы, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Бүгінге жастары 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 90%. «Балапан» бағдарламасын әске асыруды 2020 жылға қарай емес 2015 жыл соңына қарай аяқтау жоспарлануда», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Мысалы, биыл 6 жаңа балабақша салынды. Оған 1350 бала барып жүр.
Сондай-ақ өңірде үш аусымды оқу проблемасы да шешілгені айтылады, ал апаттық жағдайдағы мектеп проблемасын 2015 жылы толығымен күн тәртібінен алып тастау жоспарда. Қазір апаттық мектептердің орнына 25 жаңа мектеп салынуда. 37 мектеп соңғы 1,5 жылда тапсырылды.
Өңірде оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда дарынды балаларға арналған Ш. Есенов атындағы орталықты салу жоспарлануда.
Жаңақорғанда облыстық олимпиада және қосымша білім орталығы жыл бойына жұмыс режиміне көшті. Осындай орталықтарды барлық жазғы лагерлер мен Қызылордада ашу жоспарлануда. Одан басқа, әр ауданда бір инновациялық мектептен ашу жоспарлануда. Онда балаларды ең заманауи стандарттармен оқытады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 1,1 млн тоннадан асты5 Маусым 2023, 18:13
-
Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады5 Маусым 2023, 17:45
-
Түркістан облысында танысын қатыгездікпен өлтірген адамға үкім шықты5 Маусым 2023, 16:12
-
Павлодар облысында мүгедектігі бар кісіні көлік қағып оқиға орнында көз жұмды5 Маусым 2023, 15:47
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа-райы күтіледі5 Маусым 2023, 15:23