Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының бұрынғы бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ - Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) бастығының бұрынғы бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін жемқорлық қылмысы бойынша күдікке ілінген «Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РМБ бастығының бірінші орынбасары, әділет майоры Т.К.Тұрсынбаевқа қатысты тергеу амалдарын жүргізді. (…) 26 қарашада №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен лауазымды тұлға пара алғаны үшін айыпты деп танылды және арнайы атағынан айырыла отырып, оған үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өтілгендей, Тұрсынбаев қол астындағы қызметкерінен қызметте жалпы қолдаушылық көрсеткені үшін Т132 мың көлемінде пара алған.

adimage