Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – 2 сәуір күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Намаев тағайындалды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Қызылорда облысы әкімінің өкіміміен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімімен Намаев Бақытжан Біләлұлы облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлады сейсенбіде облыс әкімдігінен.
Намаев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2018 жылдың наурызынан бастап Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасын басқарған, оған дейін Батум мұнай терминалын басқарса, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүйесінде басшылық қызметтерде болған.

adimage