Қызылорда облысы ТКБК құрылысын ЕҚҚДБ бұған дейін мәлімделген $350 млн орнына $295 млн қаржыландыратын болды

Алматы. 3 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысы тау-кен байыту комбинатының құрылысына Еуропа қайта құру және даму банкі бұған дейін айтылған $350 млн орнына $295 млн. ұсынады, деп хабарлады «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ баспасөз қызметінен.  
Баспасөз қызметінің ақпарынша, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңа тау-кен байыту комбинаты салынады, тиісті құжаттарға ағымдағы жылғы 2 қазанда Лондон қаласында өткен инвестициялық форум барысында қол қойылды.
«ЕРС (ағылшын тілінен аударғанда Engineering, procurementandconstruction, яғни, «толық аяқталған» құрылыс) бойынша тендер екі кезеңде өтіп, қыркүйекте аяқталды. Тендер жеңімпазы -ENGINEERINGDOBERSEKGmbH компаниясы. Шартқа сәйкес мердігер байыту фабрикасын салуға байланысты барлық жұмысты өзі атқарады. Жобаны Еуразиялық Қайта құру және Даму Банкі қаржыландырады (295 млн. АҚШ доллары), ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаражаттың қайтарылуына кепілгер болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.  
«Жоғарғы деңгейде автоматтандырылған заманауи кәсіпорын – цифрлық тау-кен байыту комбинаты (ТБК) сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие өнімдер – қорғасын және мырыш концентраттарын шығыратын болады. ТБК жобалық қуаты – жылына 4 млн. тонна, ол 1500 адамды жұмыспен қамтиды. Бірінші кезекті іске қосу 2020 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр», - деді баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, жаңа тау-кен байыту комбинаты «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының басымды инвестициялық жобаларының бірі болып табылатын және әлімдегі ең ірі бестіктің қатарына кіретін Шалқия қорғасын-мырыш кен орынының базасында салынады. Кен орыны Кеңес Одағы кезінде ашылған, бірақ, оны игеру бойынша күрделі жұмыстар қазір ғана басталып отыр. Шалқия кен орынын өндіруді «Тау-Кен Самұрық» ҰТК еншілес компаниясы «ШалкияЦинк ЛТД» ЖШС жүзеге асыруда.
Шалқия кен орынының баланстық қоры 112,9 млн. тонна кен, Zn – 4,83 млн. тонна, Pb – 1,49 млн. тонна мөлшерінде бағаланады.

adimage