Қызылорда облысы Жалағаш ауданында шешен ұлтының мәдени күні өтті

Қызылорда. 26 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық клубында «Бірлік - достық шаңырағы» атты шешен ұлтының мәдени күні өткізілді, деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімінен.
Хабарда айтылғандай, ауылдық клубтың фойесінде шешен халқының тағамдары, қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Сонан соң ауыл ақсақалдары, өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен "дөңгелек-үстел" өтті. "Дөңгелек-үстелді" Аққұм ауылдық округі әкімі Т.Төлегенов ашып, жүргізіп отырды. "Дөңгелек-үстел" барысында «Вайнах» шешен ұлтының бірлестігі төрағасы Мовлади Исаев Ассамблея жылы аясында бірлестік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өзге ұлт өкілдері №31 орта мектеп мұғалімі Галина Николаевна Иванченко, зейнеткер Зулаш Бицеева және №38 орта мектеп директоры Болат Мұстаяпов өз ойларын ортаға салды. "Дөңгелек-үстелді" аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов қорытындылап, Ассамблеяның ерекше рөлін атап өтті.
Аққұм ауылдық округі әкімі Т.Төлегенов «Вайнах» шешен ұлтының бірлестігі төрағасы М.Исаевқа алғыс хат тапсырды. Сонан соң ауылдық клубтың көрермендер залында концерттік бағдарлама ұсынылып, арнайы экран арқылы тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов және «Вайнах» шешен ұлты қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Исаев жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады.

adimage