Қызылорда. 14 қызан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында 2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында мал сатып алу жоспары 63% артығымен орындалды, деп хабарлады сейсенбі күні жергілікті БАҚ-тар.
«2014 жылы фермерлер «Сыбаға» бағдарламасымен 1700 бас мал сатып алулары тиіс болатын. Қазірдің өзінде жоспар 163 пайызға орындалды», - делінген мақалада.
Фермерлер арасында «Сыбаға» бағдарламасы кең етек жаюда, оны іске асыруға көптеген шаруашылықтар қосылуда. «Бірлік», «Жұмабаев», «Қарақконыс», «Шайузақ», «Ертілеу», «Күлсуат», «Самат», «Райхан» шаруашылықтары Оңтүстк Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен басқа да облыстардан асыл тұқымды мал әкелді. Барлығы облысымызда 23 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар.
Қазір облыста 272 мың ірі қара мал, 690 мың қой мен ешкі, 89 мың жылқы, 37 мың түйе мен 10 мың үй құстары бар. Былтырғымен салыстырғанда ІҚМ саны 4,4%, жылқы - 8,5%, түйе -4,5% көбейсе, ал қой мен ешкі саны - 9% төмендеді. Биыл сүт өндіру - 4,5% ет өндірісі - 7,4% артты.
2014 жылы облысымызда «Сыбаға» бағдарламасымен мал сатып алудан басқа Қызылорда мен Қазалы ауданында «ІҚМ экспорттық әлеуетін дамыту» жобасымен Қызылорда мен Қазалы ауданында екі мал бордақылау кешенін ашу жоспарлануда. Осы екі бағдарлама еттік бағыттағы мал басын арттыруға бағытталған, фермерлерге «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ филиалдары арқылы жеңілдетілген несиелер берілуде (алты пайызбен жеті жылға). 73 фермерлік шаруашылық ұйымдастырылған, 2970 бас ірі қара мал сатып алынған. Ол былтырғыдан 570 басқа артық. Бірақ мал шаруашылығы саласында проблема қазір де аз емес.
«Барлық малдың тек 30%-ы фермерлік және шаруа қожалықтарында, қалған мал басы – халық пен ұсақ аулаларда. Ол асыл тұқымды мал абсын түбегейлі арттыруға мүмкіндік бермейді. Салаға мамандар жетіспейді, ғылым мен өндірістің арасында лайықты байланыс жоқ. Сұрыптау жұмысының деңгейі тым төмен. Келешекте өсу капиталы жоқ ұсақ шаруашылық үлесі тым үлкен.
Ең қиыны – мал азығының өзіндік өндірісінің жоқтығы. Жасыл мал азығынан нарықта тек жоңышқа ғана бар. Жүгері қазір шаруашылықтар үшін қымбат, оны жинау үшін техника керек, ал ол жоқ», - деді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Дәуірбек Әбуов.
Сонымен қатар биыл Қызылорда облысында «ЖанАрайЖем» қоспа мал азықтық зауыт жұмысқа кірісуі керек. Жоба «Байқоңыр» ӘКК-мен бірлесіп іске асырылуда. Қазір барлық коммуникациялар іске қосылды, жабдықтар бар. Мұнда мал азықтық дәндер, жүгері, күріш, сафлор, күнбағыс өңделетін болады.
«Мағжан және К» ЖШС тұқымдық шаруашылығы ашылды және тұқым тазарту мен дәрілеу желісі орнатылды. Жоңышқа, жүгері, арпа, сафлор, жүгері, рапс, күнбағыс алаңдары кеңеюде. Сегіз асыл тұқымды мал шаруашылығы ғылыми-инновациялық мал шаруашылығы және ветеринарлық қауіпсіздік орталығымен сұрыптау жұмыстарын жүргізуге келісім жасады. Асыл тұқымды ірі қара малды зоотехникалық есепке алудың ақпараттық талдамалық жүйесін жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты8 Маусым 2023, 10:22
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде тұрақсыз ауа райы күтіледі8 Маусым 2023, 10:03
-
Астанада екі қиылыстағы учаскелер жөндеу жұмысына байланысты жабылды7 Маусым 2023, 19:02
-
Қасымбек Тоқаевқа Астананы сумен қамту жағдайы туралы баяндады7 Маусым 2023, 18:46
-
Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын «Антикор» растады7 Маусым 2023, 18:40