Қызылорда облысында 2014 жылы Т1,86 млрд сомалық 9 инвестициялық жоба іске қосылады

Қызылорда. 24 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында 2014 жылы  Т1,86 млрд сомалық 9 инвестициялық жоба іске қосылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Ауыл шаруашылығы саласы бойынша биыл Қызылордада жалпы  құны 1 858,9 млн. теңге құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылады», - делінген баспасөз қызметінің жұма күні таратқан хабарында.
Атап айтсақ, қуаттылығы 80 тонналық құрама жем зауыты,  сүт өңдеу цехы, бордақылау алаңы, күріш ақтау цехы, жылыжай кешендері салынуда. Инвестициялық жобалардың қаржысы шешілген. Қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

adimage