Қызылорда облысында 2015-2018 жылдар аралығында 102,9 млрд теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Күні: 11:37, 28-10-2014.

Қызылорда. 28 қазан. ҚазТАГ - Қызылорда облысында 2015-2018 жылдар аралығында 102,9 млрд теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады, деп сейсенбіде жергілікі БАҚ хабарлауда.

«2015-2018  жылдар аралығында құрылыс, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау, металлургия мен өзге де салаларда 102,9 миллиард теңгеге алты инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Ол 1236 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», -делінген облыс әкімі  Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңестің қорытындысына арналған жариялымда.
Қазіргі таңда аймақта индустрияландыру шеңберінде жалпы құны 185 млрд теңге   болатын 24 жоба жүзеге асырылуда, олардың 23 өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. Бүгінгі таңда 15 жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреевтің айтуынша, ағымдағы жылы жалпы құны 500 млн теңгені  құраған химиялық реагенттер өндірісін жетілдіру бойынша жоба жүзеге асырылды.
Өңдеу өндірісінде өнім көлемінің өсімі байқалды. Бұл 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5,2 млрд теңгеге қайта өңдеу өндірісі саласында жүзеге асырылған жобаның нәтижесі. 2014 жылдың соңына дейін индустрияландыру картасы аясында 3,8 млрд  теңгеге тағы  3 жоба іске асырылады.


Жаңалықтармен бөлісу: