Қызылорда. 14 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында Баласауысқандық кенішінде 2017 жылға қарай ванадий өндірісін кеңейтпекші, деп хабарлады өңірлік басылымдар.
«Шиелі ауданындағы Баласауысқандық кенішінде ванадий өндірісін кеңейту жоспарлануда. Бұл металлургиялық кешендегі бірінші кезектегі маңызды жобалардың бірі. Егер бәрі жоспардағыдай болса, 2016 жылы зауытты кеңейту аяқталуы тиісті. Жобаға 140 млн АҚШ доллары инвестициялануы тиісті. Қазір ТЭН жасалып, сараптамаға тапсырылды», - делінген жарияланымда.
Мақалада айтылғандай, қазір өндірісте 240 адам жұмыс істейді. 2015-2016 жылдарғы құрылыс кезеңінде жұмыс орындарының саны 600 адамға дейін артады, ал жұмыс басталатын кезең - 2016 жыл соңы мен 2017 жыл басына - жалпы жұмыс орны 540-550 адамдық болады.
«Ауылды жерлердегі жұмыссыздық деңгейінің тым жоғары болып отырғанын ескерсек, Баласауысқандық кенішінінің ашылуы ауыл халқына зор көмек болар еді», - деп жазады қызылордалық БАҚ-тар.
Облыстағы Шиелі және Жаңақорған аудандарында жалпыреспубликалық ванадий қорының үштен екісі шоғырланған.
Тағы бір кеніш Шалқиядағы – мырыш кеніші. Онда республикалық мырыштың 30 пайызы шоғарланған. Онда кен байыту фабрикасын іске қосу 2017 жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланып отыр. Құрылыс кезінде оған 956 жұмыс күшін тарту ал іске қосқан соң 1540 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланған.
БАҚ-тардың хабарлауынша, Шалқия кенішін қайта іске қосу үшін биылғы сәуір айында техникалық аудит жүргізіліп, активтер инвентаризацияланды.
Қатысты сілтемелер
-
Токаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады6 Маусым 2023, 17:11
-
Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді6 Маусым 2023, 17:06
-
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды6 Маусым 2023, 17:01
-
Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен6 Маусым 2023, 16:56