Қызылорда облысында 42 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек

Қызылорда. 10 шілде. ҚазТАГ  Қызылорда облысында 42 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек, деп хабарлады Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы.
«Биыл біз 16 мектеп тапсыруды жоспарлап отырмыз, соның ішінде 9-ы  апаттықтардың орнына. 42 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі», - деп мәлімдеді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұма күні өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындысы бойынша.
Сондай-ақ ол Қызылорда қаласында 200 төсек-орны бар облыстық көпсалалы балалар ауруханасының, Жаңақорған мен Жалағаш ауылдарында бір ауысымда 250 рет баруға болатын емханалардың құрылысы жалғасып жатқанын атап өтті. Сексеуіл ауылында бір ауысымда 100 рет баруға болатын ауыл емханасының, Түгіскен ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталған.
«Қызылорда қаласында қайырымдылық үйіне күрделі жөндеу жүргізілген. Қалалық туберкулез диспансері мен наркодиспансердің күрделі жөндеуін бітіріп қалдық. «Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен» және «МЖС жобаларын сүйемелдеу орталығымен» бірлесіп алғашқы екі жобаны жүзеге асыру басталды  Қызылорда қаласында бір ауысымда 500 рет баруға болатын емхананың және 600 орындық кәсіби-техникалық лицейдің құрылысы бойынша», - деп толықтырды әкім.  

adimage