Қызылорда облысында ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады

Қызылорда. 28 қазан. ҚазТАГ - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды, деп хабарлады сейсенбіде жергілікті БАҚ.  
«Күннің маңызды міндеттерінің бірі - ауыл шаруашылық саласын әртараптандыру.  Қырымбек Көшербаев облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовқа аудан әкімдерімен бірге бұл жұмысты жергілікті жерлерде ұйымдастыруды тапсырды. Осы мақсатқа мемлекет бөліп отырған субсидияларды пайдалану қажет.  Қараша айында қазір аудандар мен шаруашылықтар көтеріп отырған мәселелерді толық шешу маңызды», - делінген облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша  жарияланған мақалада.  
Қ.Көшербаевтың айтуынша, әртараптандыру бойынша жұмыс жоспары әр аудан, әр шаруашылық бойынша  жасалуы керек.  

adimage