Қызылорда облысында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерекесінің аясында Айдарбек батыр баба рухына арнап ас берілді

Қызылорда. 28 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерекесінің аясында Айдарбек батыр баба рухына арнап ас берілді, деп хабарлады Қазалы аудандық ішкі саясат басқармасынан.
Хабарда айтап көрсетілгендей, табысы теңіз, жақсылықтары егіз аралдықтар екі тойын қатар өткізді. Бірі әйгілі «Аралтұздың» 90 жылдық мерекесі болса, екіншісі әйгілі «Қыз жібек» лирикалық дастанында айтылатын Шекті руының Өріс баласы Айдарбек батырдың рухына арнап берілген ас. Айдарбек бабаның батыр ұлдары Татыран, Алтынбай, Күлік, Ардана аталықтарынан тарайтын ұрпақтары бабаларының басына көркем кесене тұрғызып, рухына алып ескерткіш орнатты. Елін жоңғар-қалмақ басқыншыларынан қорғаған батыр бабаға арналған ат шаптырып, бәйге берген айтулы ас сонымен бірге Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерекесінің де аясында өтті.
Елімізің түкпір-түкпірінен ғана емес, берісі Қарақалпақстаннан, арысы Ауғанстаннан келген Айбарбек бабаның ұрпақтары әуелі Қазалы ауданының Қожабақы елді мекеніндегі «Айдарбек төбе» басындағы баба кесенесіне барып, батыр баба мәңгілік жай тапқан жерде құран оқып, рухына тағзым етті. 16-17 ғасырларда туған жерін жоңғар-қалмақ басқыншыларынан қорғауда ел құрметіне бөленіп, батыр атанған Айдарбек бабаның төл перзенттері Татыран, Алтынбай, Күлік, Арданада қаскөй жауға қаймықпай қасқая қарсы тұрған батырлар болған. Қазақ тарихында өзі де, балалары да түгел батыр болған әулет некен-саяқ. Қазір осы төрт баладан тараған ұрпақтар төрт рулы елге айналып, негізінен Аралдың солтүстік жағалауын құтты мекен қылған. Бүгінде ата атағын асқақтатқан ұрпақтары Арал қаласының кіре берісіне сәулетті ескерткіш орнатты. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толған жылы бой көтерген ескерткіш осы атаулы күнге арналған толымды сый да болды.
Ескерткіштің салтанатты ашылуына Республикалық «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының басшылығы, «Мәңгілік ел-Ұлы дала» экспедициясына қатысушылар да арнайы келіп салтанатқа салтанат қосты. Ауыл ақсақалдары, Арал ауданының құрметті азаматтары, «Айдарбек баба қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің мүшелері жиналған көпшілікке өз лебіздерін жеткізді.
Қаһарынан қорықты.-деп «Шектілер» тарихи дастанында жырланғандай Ақсаутты Айдарбек бабаның Тастүбек ауылындағы ұрпағы Сабира Бөрібай қызы осы уақытқа дейін қымбат жәдігердей үйінде сақтаған батырдың қайқы қылышы аудандық музейге табысталды. Енді кіші ұлы Ардана батырға сыйлаған ақсауыты да көпшілік көзайымына айналар деген үмітіміз де жоқ емес. Көпшілікті екіұдай ойға жетелеген «сәулетшілер ескерткіштегі батырдың қолында әйгілі қылышын емес, неге қамшы ұсатқан» деген сауалды баба бейнесін жасауыларға біз де қойдық:
Батырлығымен қоса ел бірлігін де сақтап, ауылдың айбынды ақсақалына айналған Батыр баба рухына арналған ат бәйгесі ұйымдастырылып, бас бәйгеге кәсіпкер, баба ұрпағы Талғат Жеңісұлы Шүренов тіккен жеңіл автокөлік үшін жер-жерден келген тұлпарлар үзеңгі қағыстырды. Атшабардың жел бетіне киіз үйлер тігіліп, ұлан асыр ас та берілді. Баба рухы жебеп, көңілдері көкте қалықтаған көпшілік ішінен біз сонау бір алмағайып заманда ауған ауған аталарымыздың үшінші ұрпағы болып келетін Абдулла ағамызды сөзге тарттық.
Өз заманында елінің ауыз бірлігін, тыныштығын, ұрпақтарының амандығын тілеген Айдарбек батыр ұрпақтары бабаларының аманатына адал екендіктерін осылай көрсетті. Ауыз біршіліктің ерен үлгісін ұлықтаған Татыран, Алтынбай, Күлік, Ардана аталығынан тараған жер қайысқан қалың ел Арал ауданында айтулы той өткізді. Бұл бір ғана рудың тойы емес, халықтың тойы, елдігіміздің, хандығымыздың 550 жылдығына деген лайықты тарту да болды.

adimage