Қызылорда облысында бала тууы артты

Күні: 16:15, 03-11-2014.

Қызылорда. 3 қараша. ҚазТАГ – Қызылорда облысында былтырғымен салыстырғанда дүниеге жас нәрестелер келу көрсеткіші артты, деп хабарлады облыс әкімшілігінің сайты.
«2014 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша облыста 15295 жас нәресте дүниеге келді, ол былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 941 нәрестеге көп (2013 жылы – 14354)», - делінген хабарда.
Бұл ретте нәрсетелердің шетінеу көрсеткіші 1 мың тірі туылғандарға 11,6 (2013 жылы – 11,2) болды.


Жаңалықтармен бөлісу: