Қызылорда облысында белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығы атап өтілді

Қызылорда. 15 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында Қазақ хандығының 550-жылдығына және Қазақстан Халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында
Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында түркі әлемінің көсемі, қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жаршысы - Мұстафа Шоқай» атты облыстық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өттті, деп хабарлады Шиелі аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Хабарда айтылғандай, мүшәйраға Қызылорда қаласы мен аудандардан іріктелген 20-ға жуық ақын қатысып, бас жүлдені қазалылық Есет Табынбаев жеңіп алды.
    Мүшәйраның мақсаты Алаш қозғалысының төл перзенті Мұстафа Шоқайдың отанына деген шын махаббатын, ерлігін үлгі ету, кейінгі жастарға жыр тілімен ұғындыру болып табылады.
    Мүшәйра шарты бойынша талапкер ақындар арнау өлеңдері мен еркін тақырыптағы жырларын оқыды. Сондай-ақ, Қазалы ауданынан қатысқан Ғабит Кәдірбаев жүлделі ІІІ орынды иеленді.

adimage