Қызылорда облысында биыл 9,5 мың жұмыс орны ашылады

Күні: 13:33, 15-10-2014.

Қызылорда. 15 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында биыл 9,5 мың жұмыс орны ашу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.  
Әкімшілік сайтында жарияланған хабарда айтылғандай: - «1 қазандағы мәлімет бойынша 8157 жұмыс орны ашылған, оның ішінде 6878-і тұрақты жұмыс орындары. Жыл басынан бері 24 376 адам жұмыспен қамту органдарына өтініш берді, оның ішінде 9788 адам жұмысқа орналасты», - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Ж.Дәулетбаева.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда 1 қазанда экономикалық белсенді халықтың үлесі 359,9 мың адамды құрады. Оның ішінде 341,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 5% шамасында болды.


Жаңалықтармен бөлісу: