Қызылорда облысында браконьердің ізіне түскен «Охотзоопром» инспекторы мерт болды

Күні: 18:33, 28-10-2019.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында браконьерлердің ізіне түскен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы мерт болды, деп хабарлады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) баспасөз қызметінен.
«25 қазанда сағат 02.00-де Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында рейдnік шаралар кезінде браконьерлердің ізіне түскен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы мерт болды. Қайғылы жағдайдың себебі – көлігінің аударылуы», - деді дүйсенбіде ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметінен.
Ведомствода атап өткендей, оқиға орнына Қызылорда облысы полиция департаменті (ПД) Жалағаш аудандық полиция бөлімінің шұғыл-тергеу тобы шақырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: