Қызылорда облысында екінші үрлемелі су тоғанын іске қосты

Қызылорда. 1 қазан. ҚазТАГ - 30 қыркүйекте Қызылорда облысындағы Сырдария өзеніндегі екінші үрлемелі су тоғаны іске қосылды.  

Екі үрлемелі су тоғаны (бірінші су тоғаны 2013 жылдың қараша айында Сырдария өзенінің арнасына салынды) Қызылорда облысы шаруаларын керек көлемде және керек жерде  100% сумен қамту үшін таптырмас шешім болды. Сырдария өзенінде резеңке бөгеттер салу өңірдің ауыл шаруашылық жағдайын жақсартады, және жалпы экономика мен халықтың тұрмыс жағдайына жақсы әсер етеді.  

Бұрын шаруалар жыл сайын суаруға қажет судан тапшылық көретін, себебі су төменгі ағыспен ағып кететін, ал шілде айының аяғына қарай су көлемі азаятын. Сәйкесінше өңірде өсірілетін күріш қажетті ылғалдылықты ала алмайтын.  
Екінші үрлемелі су тоғанының құрылысы өте аз мерзімде аяқталды - 7 ай.  

Еске салсақ, Сырдария арнасындағы бірінші үрлемелі су тоғаны 2013 жылдың қараша айында салынды. Ол Жаңақорған ауданындағы суармалы су деңгейін арттыру үшін салынған болатын. Екінші су тоғаны  Сырдария өзенінің арнасында салынды.  

adimage