Қызылорда облысында гидробекеттерді реконструкциялауға Т1,8 млрд жуық жұмсамақ

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Қызылорда облысында гидробекеттерді реконструкциялауға Т1,8 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции систем водоснабжения/водопровода («сумен жабдықтау/сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Қызылорда облысының Келінтөбе, Әйтек және Сунақата каналдарында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін енгізе отырып гидробекеттерді реконструкциялау; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 755 140 544», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамаға және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage