Қызылорда облысында күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қызылорда облысында күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 сәуірде таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage