Қызылорда облысында күріш жинау аяқталды

Күні: 13:46, 16-10-2014.

Қызылорда. 16 қазан. ҚазТАГ - Қызылорда облысында күріш жинау науқаны аяқталды, деп хабарлады бейсенбіде жергілікті БАҚ.  
«Қызылордалық күрішшілер орақ маусымын аяқтады.  Бір-екі күннен кейін барлық астық бастырылады.  Алдын-ала дерек бойынша, орташа түсім - 45 центнерден аз емес», - делінген жарияланымда.
Орақ маусымын алғашқылардың бірі болып Сырдария ауданының «Шаған-жер» ЖШС аяқтады.   «Барлық күрішті орып, бастырып алдық -   3200 гектар. Орташа түсім - 55 центнер. Сұрыптарын таңдадық, былтырғыдағыдай ресейлік   «Лидер», «Янтарь» және «Диаманд». «Күріш өсірудың ҒЗИ» ЖШС ғалымдарымен тәжірибе жүргіздік    - 4 гектарын күріштің жерілікті сұрыпы - «КазЕР-6»-ға қалдырдық. Ол әр гектардан 65 центнерден берді.   «КазЕР-6» -жаңа сұрып, оны себу барысында қолданылатын ылғалдылықты сақтайтын технология - міндетті талап», - деді ЖШС директоры  Бердібек Қадыров.
Биыл күн сайын күріш жинауға 8 бригада, 16 комбайн және 14 дестелегіш шықты. Барлығы шаруашылықта 200-ден астам адам жұмыс жасайды.  Екі жыл бұрын мұнда үш америкалық комбайн сатып алынған болатын және олар әзірге бұзылмай жұмыс жасап тұр.   Биыл механикалық бөлімше Белоруссия Республикасының «Полосье» атты  екі комбайнымен толықты.    
«Орақ маусымының ақырғы нәтижесі екі-үш күннен кейін белгілі болады.    Ауа райының кейде болған қолайсыздығына қарамастан, астық уақытында жиналды», - деді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов.


Жаңалықтармен бөлісу: