Қызылорда облысында кірме жолдар қызметтерінің тарифтерін негізсіз көтеру фактілері анықталды

Күні: 11:33, 01-03-2019.

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Қызылорда облысында кірме жолдар қызметтерінің тарифтерін негізсіз көтеру фактілері анықталды, деп хабарлады бас көлік прокуратурасының (БКП) баспасөз қызметінен .
«Бас көлік прокуратурасымен Қызылорда облысында 200 астам кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын кірме жолдар қызметтерінің тарифтерін негізсіз көтеру фактілері анықталды. «Глобал Трейд Компани» және «Өркен Плюс» ЖШС кірме жолдарды «Көліктік сервис орталығы» АҚ сатып алып, вагондардың жол жүру ақысын екі еседен астам, яғни сәйкесінше 7-ден 20 мыңға және 8-ден 16 мың теңгеге дейін жоғарылатқаны анықталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, монополияға қарсы органда тарифтерді бекіту кезінде олар өз шығындары туралы көрінеу жалған және жоғарылатылған мәліметтер көрсеткен.
«Мәселен, «Глобал Трейд Компани» ЖШС жолдарды жөндеуге 16 млн. теңге мөлшерінде шығындар енгізілді, ал іс жүзінде тек 20 мың теңге талап етілді, сондай-ақ жұмыс істемейтін қызметкерлердің жалақысы ретінде 4 млн. теңге көрсетілген. Осындай әдісті екінші ЖШС да пайдаланды», - деп атап өтті БКП.
Хабарда айтылғандай, прокурорлық қадағалау шараларымен тарифтерді бекіту туралы бұйрық жойылды.
«Вагондардың жол жүру құны бастапқы мөлшерге дейін төмендетілді. Тұтынушыларға келтірілген шығындарды өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, серіктестіктерге қатысты материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Көліктегі полиция департаментіне жолданды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: