«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Төмен тұрған бюджеттерге дамуға арналған нысаналы трансферттер», мың теңге – ҚазТАГ): 2024 жыл - 74 553 075,6; 2025 жыл - 50 196 024; 2026 жыл - 50 196 024; 2027 жыл - 22 061 277; 2028 жыл - 25 355 508», - деп облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т222 361 908 600.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы бойынша, шығыстар Қызылорда қаласының және елді мекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Мақсаты – облыстың коммуналдық шаруашылық нысандарының үздіксіз жұмысы және динамикалық дамуы болып табылады.
«Міндеттер: халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетілімдігін қамтамасыз ету 2025 ж. - 100%, 2026 ж. - 100%, 2027 ж. - 100%. Халықты сарқынды суларды тазартумен қамту (қалада) 2025 ж. - 60%, 2026 ж. - 61%, 2027 ж. - 62%. Электр желілерінің тозуын азайту 2025 ж. - 65,5%, 2026 ж. - 65%, 2027 ж. – 64,5%. Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған газбен қол жеткізуді қамтамасыз ету үлесін 2025 ж. - 23,9%-ға, 2026 ж. - 26,9%-ға, 2027 ж. - 29,3%-ға жеткізу. Жаңа құрлысы есебінен газбен жабдықтау желілерінің ұзындығын ұлғайту - 373,7 км», - деп жобада міндеттелген.
Фото көзі: pixabay.com