Қызылорда облысында әлеуметтік көмек алуда 3,6 мың кәмелетке толмағанның құқығы бұзылған

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ - Қызылорда облысында әлеуметтік көмек алуда 3,6 мың кәмелетке толмағанның құқығы бұзылған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
«Қызылорда облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы орган қызметіне талдау барысында әлеуметтік көмек алуда 3,6 мың кәмелетке толмағанның құқығының бұзылғанын анықтады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Прокуратура ақпарынша, Қызылордадағы 54 мектепте көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының тегін тамақтанбағаны анықталған, бұл ретте оларды қамту құқығына үкіметтің тиісті қаулысы (2012 жылғы 12 наурыздағы №320) кепілдік береді.
«Прокуратураның ұсынымы бойынша бұзушылықтар жойылды, әкімшілік жауапқа Қызылорда әкімдігі білім бөлімінің екі лауазымды тұлғасы тартылды», - делінген хабарда.


adimage