Қызылорда облысында «Ұлы дала елі» тарихи-мәдени экспедициясы аясында «Баға жетпес сый» акциясы өтуде

Қызылорда. 6 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облыстық коммуникациялар орталығында «Ұлы дала елі» тарихи-мәдени экспедициясына қатысушылардың брифингі өтті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Біз өзіміздің басты байлығымыз болып табылатын құндылықтарымызды насихаттауымыз керек. Олар қоғамдағы бірлік пен келісім. Экспедицяи барысында облыстың барлық аудандарында «Баға жетпес сый» атты акция ұйымдастырып жатырмыз, яғни ҚХА тапсырысы бойынша шығарылған кітаптар мен әдебиеттерді өзіміз болған аудандардың кітапханаларына табыстаймыз», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының меңгерушісі Лейла Төрешова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ҚР бойынша барлық қайырымдылық бастамалары мен акциялар ҚХА бастауымен өтіп жатыр және аталмыш акцияны «қазірдің өзінде 5 ауданда өткізді».

«Ұлы дала елі» - республикалық экспедиция, ол 11 қыркүйекте Астанада басталды. Экспедиция үш бағытта жұмыс жасайды. Сол бағыттардың бірі – батыс өңірлері. 11 қыркүйекте Ақтау қаласынан басталды. Экспедиция Маңғыстауда, Атырауда, Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында болды және 26 қыркүйекте Қызылордаға келді.  Барлық өңірдегі экспедиция құрамына белгілі тұлғалар кірген. Біздің экспедиция құрамына белгілі саясаттанушы, республикалық ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшесі Дос Көшім, Қорқыт Ата ат. ҚМУ ғалымдары, атап айтсақ, тарих ғылымдарының докторы Өтеубай Қожақов және басқалары бар», - деп толықтырды Л.Төрешова.

Брифингте сөз алғандар атап өткендей, «Ұлы дала елі» экспедициясының басты мақсаты – тарихи орындарды меңгеру, қазақстандық барабарлықты, азаматтылықты нығайту, Қазақстан халқының тарихи-мәдени және рухани-адамгершіліктік құндылығын тереңінен зерттеу және насихаттау арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу.  

Республикалық «Үлы дала елі» тарихи-мәдени экспедициясын Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерімен, «Қоғамдық келісім» мемлекеттеік мекемелерімен бірге ұйымдастырған. Аталмыш экспедиция Қазақ хандығының 550 жылдығы және ҚХА 20 жылдығы аясында өтіп жатыр.  

Экспедиция 11 қыркүйек күні үш қалада бірдей басталды. Олар Астана, Павлодар және Ақтау және 9 қазанда Таразда аяқталады.

adimage