Қызылорда. 28 қазан. ҚазТАГ - Қызылорда облысының әкімі мұнай ұнғыларын есепке алу және олардың жұмысына сараптама жүргізуді тапсырды.
«Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде жер қойнауын пайдаланушылар инспекциясы мен салалық ведомсвтолармен бірлесіп мұнай ұңғыларын есепке алу және олардың жұмысына сараптама жүргізу керек. Бұл бізге 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында мұнай өндіруді қаншалықты арттыра алатынымызды білу үшін қажет», - деп облыс әкімі төрағалығымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша жергілікті БАҚ хабарлады.
Оның пайымынша, бір уақытта облыстың мұнай өндіру болашағына қатысты мәселелерді де шешу керек. «Аймақта өндірісті дамыту үшін алдағы 5 жылда бізге тұрақты мұнай өндіріліп тұруы керек», - деп атап өтті Қ. Көшербаев.
Кеңес барысында әкім атап өткендей, еліміздің индустрияландыру секторында инвестиция көлемі едәуір төмендеді. Өндірістік саладада өсім төмен, 2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 99,7% құрады. Ал, 99,8% көрсеткіші ол тау-кен өндірісіне тиесілі.
«Бұл ретте басты себеп - мұнай өндіру көлемінің 6,4%-ға азаюы. Жалпы, аймақтың кәсіпорындары 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 877 миллиард теңгеге өнім өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкесінше көзеңімен салыстырғанда 96,7%», - деді Қ. Көшербаев.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада жаңадан салынған ғимарат өртенді4 Қазан 2023, 18:24
-
Ақтөбеде жол апаты салдарынан 9-сынып оқушысы ауыр халде ауруханаға түсті4 Қазан 2023, 16:59
-
Тоқаев Астанадағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді4 Қазан 2023, 16:46