Қызылорда облысында металлургиялық және мұнайгаз саласының 3 колледжі ашылады

Күні: 13:16, 14-10-2014.

Қызылорда. 14 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында металлургиялық және мұнайгаз саласының 3 колледжі ашылады, деп хабарлады өңірлік БАҚ-тар.
«Өңірде заманауи металлургиялық және мұнайгаз саласының 3 колледжін ашу жоспарлануда. Атап айтқанда, «ҚазАтомПром» колледжін, мұнайгаз саласының жұмысшыларын дайындайтын тренингтік орталық, сондай-ақ Шиелі индустриалдық-аграрлық колледжді металлургиялық бағытқа бейімдеу жоспарлануда», - делінген сейсенбі күнгі хабарда.  
Қызылордадағы индустриалдық-техникалық колледжде тоңазытқыш-компрессорлық жабдықтар шеберін дайындау, тұрмыстық техника мен телекоммуникациялық жабдықтарды жөндеу мамандарын, ал құрылыс және бизнес колледжінде – жиһазшыларды, жылутехникалық жабдықтардың және жылумен қамтамасыз ету жүелерінің шеберлерін дайындау жоспарлануда. И. Әбдікәрімов ат. Қызылорда аграрлық-техникалық колледжде «Жарық талшығы және шыны бұйымдарын өндіру» мамандығы ашылды.
Сондай-ақ Қорқыт-ата ҚМУ жұмысына талдама жасалып, оның гуманитарлық бағыттағы мамандарды дайындауынан кетіп, өңірге қажет мамандықтарды, атап айтқанда, инженерлер мен техникалық сала мамандарын дайындау керек деп шешілді.
2014 жылы облыстағы білім жүйесінің бюджетіне Т65,9 млрд бөлінді.


Жаңалықтармен бөлісу: