Қызылорда облысында өндірістің әртүрлі саласындағы 10-нан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қызылорда облысында өндірістің әртүрлі саласындағы 10-нан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қызылорда. 10 шілде. ҚазТАГ  Қызылорда облысында өндірістің әртүрлі саласындағы 10-нан астам жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп хабарлады Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы.
«Отандық компания Арал ауданында кальций қосылған сода өндіретін зауыт құрылысы туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда барлық қажетті құжаттарды келісіп алу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұма күні өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындысы бойынша.
Сондай-ақ ол былтыр «АралТұз» кәсіпорнындағы ас және техникалық тұз өндірісін жетілдіру аяқталғанын еске салды. Нәтижесінде осы жылдың алты айында өнімнің шығарылуы ендігі 20%-ға ұлғайтылды. Одан өзге, Қызылордада құрама жем, күріш өңдеу зауыттарының және керамикалық кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы аяғына жетті.
«Жыл соңына дейін сэндвич панель, күйдірілген кірпіш, жарық диодты жарықтандыру құрылғысын және басқа да заттар шығаратын өндірісті қатарға қосу жоспарлануда. «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесіп «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында жұмыстар жүргізілуде. Тау-кен-байыту комбинатын тұрғызу бойынша базалық жоба жасап шығару аяқталды. Бөлшектеп жобалау басталды. Алдағы жылы біз ендігі құрылысты бастаймыз деп ойлаймын», - деп толықтырды ол.
Сонымен қатар кен орнында қорғасын мен мырыштың терең өңдеуін және оның базасын гидрометаллургиялық зауыттың құрылысын ұйымдастырудың мақсаттылығы жайлы шешім қабылданғаны хабарланады. Бұл металл бұйымын алуға мүмкіндік беретін жобаның келесі кезеңі болады.
«Оның үстіне, немістің «Молль» компаниясы «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясымен осында біздің қорғасынды пайдаланумен аккумулятор зауытын салу жайында келіссөздер жүргізіп жатыр. Машина жасау және қатты қорытпалар зауытының құрылысына жобаалды құжаттама дайын», - деп атап өтті Қ. Көшербаев.
Немістің ThessenKrupp, оңтүстік корейлік POSCO, жапондық Hanwa секілді ірі металлургиялық компаниялар алюминийдің төмен құрамы бар арзан ферросилиций өндіруге айтарлықтай қызығушылық танытуда, оны пайдалану болаттың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Өндірісте «Минералды қорғасынды кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» жасап шығарған инновациялық технологияны қолдану көзделіп отыр.
«Бәйтерек» холдингімен, «Қазақстан инвестициялық қорымен» және америкалық Stewart Engineers компаниясымен бірге (жылына 197 мың тонна қуаттылығы бар) шөлмек жасау зауытының құрылысы басталған.
«Бүгінге мердігерге ҚМЖ-ға 2,8 млрд теңге аударылды, келешек зауыттың ең үлкен нысаны – дайын өнімдер қоймасын салу жүргізілуде. Биылғы жыл соңына дейін ол жұмыстарды 70-80% аяқтау жоспарлануда. Қалақұрылыс кеңесінде зауыттың сұлбалық жобасы  бекітілді. Нысанды тапсыру 2017 жылға қарастырылған», - деді әкім.
Сондай-ақ тау-кен байыту комбинатын салу қарастырылған. Ол құмды дайын шикізат түрінде зауытқа дайындайды. Қазір жобаны қолға алушылар Қазақстан даму банкімен Арал теңізіндегі жобаны қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізуде.
Британиялық Compact GTL компаниясымен Қармақшы ауданында ілеспе газдан тәулігіне 160 тонна «Еуро-5» стандартындағы дизелдік отын шығаратын зауыт салу мәселесі пысықталуда. Германиялық серіктестердің қатысуымен облыс орталығында үй салу комбинатының құрылысы жүріп жатыр.
Бірнеше қытайлық серіктестермен цемент зауытын салу мәселесі қарастырылуда. Шиеліде цемент зауытын (400 және 500-ші маркадағы) салу бойынша «Данаке» корпорациясының жобасы Қазақстан мен ҚХР іске асырып жатқан мемлекетаралық басым жобаларға енгізілген.  

adimage