Қызылорда облысында NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге назар аударады

Күні: 20:30, 03-11-2014.

Қызылорда. 3 қараша. ҚазТАГ – Қызылорда облысында еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге назар аударуда, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.  
«3 қарашада аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалымен жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, оларды кәсіпкерлікке баулу, сондай-ақ маргинал жастар мәселесі талқыланды. (...) Кеңес қорытындысында не оқымайәтын не жұмыс істемейтін NEET санатына жататын жастарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді», - делінген таратылған хабарда.  
«2014 жылы барлық аудан, қала көлемінде жастарды қолдау орталығының қызметі ұйымдастырылып, жастар саясатын қаржыландыру 4 есеге  артып отыр. «Жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, биылғы жылы жұмыссыздықдеңгейін 5 пайызға дейін төмендете алдық. Бұл көрсеткішті одан әрітөмендетуіміз керек»,- деп айтқан облыс әкімінің сөзі келтіріледі.
Облыс әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Нұрбаева NEET санатына жататын жастармен жұмыс жасау жөнінде облыс көлемінде 23 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып,  түрлі шаралар, тренингтер ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Маргинал жастардың базасын әр тоқсанда бір рет жасап отыру, жастарды кәсіпкерлікке тарту, мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл жастарының мәселелерін шешу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.


Жаңалықтармен бөлісу: