Қызылорда облысында сауда-логистикалық орталық пайда болады

Қызылорда. 16 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысының Қазалы ауданында сауда-логистикалық орталық пайда болады, деп хабарлады өңірлік БАҚ-тар.
«Ауданда инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың бірі - сауда-логистикалық орталық салу. Құны 500 млн теңге тұратын жоба жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге өз өнімдерін делдалдарсыз жергілікті базарларға сатуға мүмкіндік береді», - деп жазады БАҚ-тар бейсенбі күні.
Сауда-логистикалық орталыққа ауданы 1 га болатын жер бөлінген. Мұнда жоба бойынша қойма бөлмелерін салады, ауданның бір бөлігін ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің сауда өкілдеріне береді.
Одан басқа, ауданда «Нұршуақ» атты жаңа автобекет пайдалануға тапсырылады, ол тәулігіне 800 жолаушыға қызмет көрсетуге есептелген. Құрылыс салуға Т33 млн бөлінді. Автобекетте асхана, тынығу бөлмесі, дәріхана, медпункт, жүргізушілер тынығатын бөлме, ана мен бала бөлмесі, жүк бөлімі, автотұрақ бар.
«Қазір автобекетте 7 адам жұмыс жасайды. Бірақ басшылық жаңа жұмыс орындарын ашуға дайын. Жақында автобекет жанынан сауда үйі ашылады, оған 18 адам жұмысқа орналаса алады», - делінген БАҚ-тағы мақалада.

adimage