Қызылорда облысында сейсенбі күні жаңбыр және қар жауады

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ - Қызылорда облысында сейсенбі күні жаңбыр және қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 қаңтарда Қызылорда облысында күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.

adimage