Қызылорда облысында ШОБ нысандарының көбейгені байқалады

Қызылорда. 1 қазан. ҚазТАГ – Қызылорда облысында шағын және орта бизнес нысандарының артқаны байқалады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

«Статистикалық тіркелім деректері бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйегіне Қызылорда облысында шағын және орта бизнестің 6199 кәсіпорны тіркелген. Бұл өткен жылдың кезеңіне қарағанда 10,6 пайызға жоғары», - делінген әкімдік сайтындағы хабарда.  

Облыстық статистика басқармасы басшысы Мәриам Баекееваның айтуынша, тіркелгендердің 73,4 пайызы жұмыс істеп тұрған кәсіпорын, 60,6 пайызы белсенді кәсіпорындар санатынан.

Сондай-ақ, соңғы жылдары облыста жұмыссыздық деңгейінің төмендегені байқалады.

«Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 311 мың адамнан асқан. Облыстың экономиканың әр саласында өткен мерзімде 295 мыңнан адам жұмыспен қамтылған. Жастар жұмыссыздығы да өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендеген. Есепті кезеңде облыс бойынша жұмыссыздан саны 15,6 мың адамды құрады», - деп көрсетілген хабарда.

adimage